Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай ескерткіштің ашылу салтанаты

Без рубрики
Бөлісу

Жамбыл облысы Тараз қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай ескерткішінің ашылу салтанаты өткізілді.  Тараз қаласында жазушының еңселі ескерткішіне салтанатты шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келіп, мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Ескерткішінің ашылу салтанатынан кейін «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі көрме павильонында «Шерхантаным: қазіргі қазақ әдебиетімен қазақ баспасөзінің даму тенденциялары» тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.