«Шипалы қолы – дертке дауа»

Бөлісу

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, жүрек-қан тамырлары хирургтері қауымдастығының президенті
Жошыбаев Сейтхан Жошыбайұлы 85 жаста.

Алтын қолды дәрігер, «Аңыз адам» Сейтхан Жошыбайұлының құрметіне Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Шипалы қолы – дертке дауа» атты шығармашылық кеш өтті.
Ауыртпалығы мен жақсылығы қатар жүретін өмір өрісінде медицина саласына абыроймен қызмет етіп келе жатқан, бар ғұмырын медицина саласына арнаған атақты ұстаздың жүріп өткен белестері, жеткен жетістіктері мен өміршең идеялары жайлы жазбалары жас ұрпаққа насихатталып, кеш қонақтарының жылы лебіздері тыңдалды.

Мерейлі тойдың қадірлі қонақтары:
1. Ордабеков Сағындық Ордабекович – жоғары санатты хирург және денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі.
2. Төлебеков Бейсенбай Төлебекович – медицина ғылымдарының докторы, профессор.
3. Сүлейменов Жүсіпбек Ташірбайұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
4. Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор.
5. Оспанова Жанар Мықтыбекқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
6. Бастаубаева Жанат Абдуалықызы – Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.
7. Тажибаев Серік Дүйсеналыұлы – доктор экономист, профессор.
8. Төленбаев Мұрат Сауранбайұлы – техникалық ғылымдар докторы, профессор.

Ұлы Абайдың «Толық адам» туралы іліміне лайықты, кемелденген, ішкі жан – дүниесі бай, асыл адам, кардиохирург Сейтхан Жошыбайұлына зор денсаулық, қажымас қайрат, толағай табыстар мен сәттілік тілейміз! Абыройыңыз әрқашан асқақтай берсін!

https://www.instagram.com/reel/C7ghqrysDDa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==