Шыңы бар таудың басында қары,
Жасықтар өтіп, асыл қалады.
Жиырмасыншы ғасыр тудырған,
Айтматов Шыңғыс – ғасыр адамы.
Ш.Айтматов – қазақ пен қырғызға ортақ болған халық жазушысы. Оның «Жамила» (1958) повесті, 1961 жылы «Қызыл орамалды шынарым» повесті, содан соң «Алғашқы ұстаз» (1962), «Жер ана» (1965), «Қош бол, Гүлсары» (1966), «Ақ кеме» (1970) және т.б. повестері жарық көрген.
Шыңғыс Айтматовты әлемге танытқан «Жәмила» повестін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері оқып, өзара талқылады, шығармадан алған әсерлерімен бөлісті.
Ұйымдастырған: колледж кітапханашылары..