«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы»

Без рубрики
Бөлісу

4.10. 2023 ж Халықаралық ұстаздар күніне орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы» тақырыбында салтанатты концерт өтті.
Салтанатты құттықтауда Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, ұстаздардың еңбектерін бағалап, құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапаттады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.М. Мураталиева ұстаздарды кәсіби төл мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.
Сонымен қатар № 2 ЦӘК оқытушылары Халықаралық ұстаздар күніне арналған құттықтауларын табиғат аясында «Тау парк» демалыс орталығында демалумен жалғастырды.
Жауапты. №2 жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушылары және бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен.