27.11.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледждінде «Стресс және оның әсері» тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Шара барысында студенттерге психикалық денсаулықты сақтау, күйзелістің алдын алу және оның адам ағзасына тигізетін ықпалы туралы маңызды ақпарат берілді. Қонақта Жамбыл облсытық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатры Сәуле Тушенаевна студенттерге стресстің физиологиялық және психологиялық әсерлерін түсіндіріп, оның ұзақ мерзімдегі салдары – шаршау, мотивацияның төмендеуі, эмоциялық таусылу сияқты белгілерге тоқталды. Сонымен қатар, стресс кезінде ағзада жүретін өзгерістер мен өзін-өзі реттеу тәсілдерін көрсетіп берді. Дәріс барысында студенттер практикалық релаксациялық жаттығуларды орындап, стресс деңгейін төмендетудің тиімді әдістерімен танысты. Пайдалы ақпарат пен еңестерге толы кездесу студенттердің қызығушылығын арттырып, зор ықыласқа ие болды.
Жауапты: колледж психологтары

