2025 жылдың 15 ақпан күні 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына орай Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» ұйымдастыруымен «STUDENT QUIZ» облыстық зияткерлік ойыны өтті.
Ойынның басты мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби бағыттағы білімін шыңдау. Бұл зияткерлік додада қатысушыларға логикалық және кәсіби салаға қатысты сұрақтар қойылып, жылдам шешім қабылдау қабілеттері сыналды.
Аталған сайысқа Жамбыл жоғары медициналық колледжінің намысын қорғау үшін “STUDMED” командасы қатысты. Бірнеше кезеңнен тұрған тартысты ойында команда жоғары нәтижелер көрсетіп, “Ең білімді команда” номинациясын иеленді. Жетекшілік жасағаны үшін жастар ісі жөніндегі инспектор Әбдіманапова Томирис Алмазқызы Алғыс хатпен марапатталды.