«Студенттік өмір ― көтеріңкі көңіл!»
15.11.2024ж күні жатақханамызда Халықаралық студенттер күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті! Бұл күні белсенді студенттеріміздің еңбегі мен табандылығын ерекше атап өтіп, оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Студенттік өмір – әрдайым белсенділік пен шығармашылықтың, жаңа жетістіктер мен ауқымды жоспарлардың кезеңі. Бұл іс-шара студенттеріміздің оқу орнындағы және қоғамдық өмірдегі үлесін бағалап, олардың қажырлы еңбектерін жоғары бағалауға мүмкіндік берді.
Сыйлықтар мен алғыс хаттар – тек марапат қана емес, алдағы уақытта да одан да үлкен жетістіктерге жетуге деген ынта мен жігердің көрсеткіші!
Барлық белсенді студенттерімізге алғысымызды білдіреміз және олардың болашақта да жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне тілектеспіз!