Студенттік шақ — жарқын естеліктерге толы!
6–7 маусым күндері Жамбыл жоғары медициналық колледжінің белсенді студенттері студенттік кәсіподақ пен колледж атынан Алматы облысының көрікті жерлеріне — Көлсай, Қайыңды көлдері мен Шарын шатқалына 2 күндік таңғажайып саяхат жасап қайтты.
⠀
Бұл сапар ерекше әсер мен ұмытылмас эмоция сыйлады!
Бірлігіміз нығайып, табиғаттың тамаша көріністеріне куә болдық, жаңа достар тауып, жарқын сәттермен бөлістік.
⠀
Осы мүмкіндікті жасап берген колледж әкімшілігі мен студенттік кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз.
⠀
Біз үшін осындай керемет демалыс сыйлағандарыңыз үшін рақмет! ✨