15.01.25ж. №2 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері циклдық әдістемелік комиссия оқытушыларының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – өзекті мәселе» тақырыбында дәріс өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Студенттердің жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
Студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту; . Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту; Өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға бау
Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Әр тұлға халықпен, мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну; жағдайларды заңдылық пен этика тұрғысынан бағалау және негізделген шешімдер қабылдай алу қабілетінің болуы.
Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Әр тұлға белгіленген стандарттарға, нормалар мен ережелерге сәйкес жұмыс істей білу, олардың орындалуын қамтамасыз ету керек.
Өз жұмысының нәтижелері үшін жауап беруге, сын пікірді қабылдауға және түзетуге дайын болу;
Құндылық: заң және тәртіп
Әр тұлға қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін құқықтық нормалар мен ережелерге сәйкес әрекет ету;
Жағдайларды заңдылық пен этика тұрғысынан бағалау және негізделген шешімдер қабылдай алу қабілетінің болуы.
Жауапты: №2 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК оқытушылары