«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі»

Бөлісу

 

25.02.2025ж. №1 Жалпы  білім  беру  және  жаратылыстану  ғылыми  пәндері  циклдық  әдістемелік комиссия оқытушыларының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі» тақырыбында өткізілетін дәріс өткізілді.

Мақсаты:

Студенттерге “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Құндылық бағыты: Әділдік және жауапкершілік.

  1. Іс-әрекетке қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттерінің теңдігін ескере отырып, өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін бағалай білу.
  2. Жалпы нәтижедегі әрбір тапсырманың маңыздылығын түсіне отырып, өз міндеттемелерін сапалы және мерзімінде орындай білу. Командада жұмыс істей білу, басқалардың пікірлері мен ұстанымдарын құрметтеу және ортақ мақсаттарға жетуге ұмтылу.
  3. Қателерді қабылдауға және түзетуге дайын болу, егер олар жасалса өзінің жұмысының нәтижелері үшін жауап беру. Мемлекеттің сақталуы мен өркендеуі үшін жауапкершілікті сезіну.

Құзыреттілік: қоғамға адал қызмет ету.

Жауапты: №1 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК оқытушылары.