Қайырлы күн! Ағымдағы жылдың 19-ыншы жұлдызында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Sanaly urpaq» студенттік клубтың ұйымдастыруымен Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық дағдарысынан шығу және оны жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу-баршаның және әр адамның міндеті» атты жастармен кездесу өтті.
Кездесуге арнайы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойыншы департаменті превенция басқармасының бас маманы Ажибаев Айбек Иткараевич және Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелер басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы Мамыш Дәурен Дастанұлы қонаққа шақырылды!
Кездесу барысында студенттер өз көкейлерінде мазалалап жүрген осы жемқорлыққа байланысты барша сұрақтарын, бірінен-бірі қойып, өз сұрақтарына жауап алды.
Қонақтарға, келіп, жастарға өз ақыл – кеңестерін айтып, өз тәжірибесінде болған қызықты жайттармен бөлісіп кеткені үшін алғысымызды білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/CmYd44ZjLZX/?utm_source=ig_web_copy_link