25.09.2025 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында «Тәрбие – тал бесіктен» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысында колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ляззат Тураровна ата-аналар жиналысының мақсатымен таныстырып, колледждің оқу-тәрбие жұмысы, материалдық-техникалық базасы, колледж жатақханасы туралы мәлімет берді. Тәрбие бөлімінің мамандары мен бөлім меңгерушілері бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, олардың сүйіспеншілігінің маңызы туралы айтып, отбасындағы қарым-қатынастың балаға әсері жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады.
Сонымен қатар, колледждің ҚБАЖ меңгерушісі Усенов Рахат Бакенович студент жастардың арасында жиі кездесетін тәртіп бұзушылықтар туралы жалпы мысалдар келтіріп, жасалған теріс әрекеттің түріне, сипатына қарай оның соңы айыппұл немесе еркіндікті шектеуге дейін апаратынына ата-аналардың назарын аударды. Колледж психологтары Өскенбаева Асел Нурлыбековна, Сүйінбекұлы Кәрім мен мен Мираева Аружан ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер берді.