«Тәуелсіздік-тұғырым»

Без рубрики
Бөлісу

22.12.2023 жылы сағат 11:00-де, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты «Мейіргер ісі» бөлімі 231М-9/22 топ студенттерімен өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз ұлтының тарихын сүюге, қорғауға, болашаққа сеніммен қадам басуға, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу арқылы студенттердің бойында патриоттық сезім ұялату.
Ұлттық мүдде құндылығы: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу. Елінің тарихын құрметтеу.
Күтілетін нәтиже:
Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді білу, оны сақтау;
Жауапты:№2 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндер оқытушысы, биология пән оқытушысы: Жунисова К.К.