Жамбыл жоғары медициналық колледжінде № 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдік әдістемелік комиссиясы оқытушылары ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 33 жыл және Жамбыл облысына 85 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» атты апталықтың ашылуы өтті. Апталық ашылуында «Тұлғаны тану» ойыны ойнатылып, дұрыс жауа берілгендерге сыйлықтар берілді.
Апталықтың мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығын насихаттау, бейбітшілік пен татулықтың маңызын жасөспірімдер санасына сіңіру. Студенттердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз елінің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру; ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.