Талапкер – 2020

Без рубрики
Бөлісу

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК орта буын медицина мамандарын дайындайды.

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер», 0301023 «Акушер»
Оқыту түрі: күндізгі
«Фельдшер» біліктілігі үшін оқытудың нормативтік мерзімі
жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай
негізгі жалпы білім беру базасында (9 сынып) – 3 жыл 10 ай
«Акушер» біліктілігі үшін оқытудың нормативтік мерзімі
жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай

Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302043 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»
Оқыту түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі:
негізгі жалпы білім беру базасында (9 сынып) — 3 жыл 10 ай
жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай

Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302054 «Қолданбалы бакалавр» .
– жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 3 жыл 6 ай, оқыту түрі: күндізгі;
– жеделдетілген бағдарлама бойынша оқыту – 1 жыл 6 ай: техникалық және кәсіби білімнен кейін және мамандық бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес болу қажет.
Оқыту түрі: күндізгі және қашықтықтан

0305000 «Лабораториялық диагностика»
Біліктілігі: 0305013 «Медициналық зертханашы»
Оқытудың нормативтік мерзімі:
негізгі жалпы білім беру базасында (9 сынып) — 3 жыл 10 ай
жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай
Оқу түрі: күндізгі

Мамандығы: 0306000 «Фармация»
Біліктілігі: 0306013 «Фармацевт»
Оқыту түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі:
жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай
Жамбыл жоғары медициналық колледжіне түсу емтихандары:
• жалпы орта білімі бар (11 сынып) оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Лабораториялық диагностика» мамандықтарына бейіні бойынша – биология, «Фармация» мамандығына – химия пәндерінен);
• негізгі жалпы білімі бар (9 сынып) оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Лабораториялық диагностика» мамандықтарына бейіні бойынша пән – биология);
• мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
• «Мейіргер ісі», біліктілігі «Қолданбалы бакалавр» – жалпы орта білім негізінде (11 сынып -3 жыл 6 ай) – оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және биология пәнінен тапсырады.
• «Мейіргер ісі», біліктілігі «Қолданбалы бакалавр» жеделдетілген бағдарлама бойынша оқыту (1 жыл 6 ай), техникалық және кәсіби білімнен кейін және мамандық бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес- эссе жазады.
Барлық мамандық бойынша (Фармация мамандығынан басқа) түлектерден емтиханға 1 күн бұрын психометриялық тест алынады.
Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде тестілеу түрінде өткізіледі.
Жамбыл жоғары медициналық колледжіне оқуға азаматтардың өтініштері:
• Бюджет негізінде 2020 жыл 20 маусымнан 30 шілдесіне дейін,
• Ақылы негізде 2020 жыл 20 маусымнан 25 тамызына дейін қабылданады.

Оқуға түсушілер колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса өткізеді:
• білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
• №086-е нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінің (Тараз қаласы, Асқаров көшесі №277) психиатр-дәрігердің шешімі;
• 3х4 көлемдегі 6 суреті.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1. шетелдік — шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2. азаматтығы жоқ тұлға — азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3. босқын — босқынның куәлігі;
4. пана іздеуші тұлға — пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5. оралман — оралман куәлігі.