Құрметті талапкер!
Жамбыл жоғары медициналық колледжіне оқуға азаматтардың өтініштерін 2025 жылдың 25 маусымынан бастап онлайн режимінде «Egov» порталы арқылы немесе қағаз түрінде колледжде қабылданады.
Оқуға түсушілер колледждің қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса келесі құжаттарды тапсырады немесе онлайн режимінде «Egov» порталы арқылы сканерленген түрінде ата анасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен тіркейді:
– білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
– №075/у нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюорография суретімен
(І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы 088-у нысаны бойынша);
– 3×4 көлемдегі 4 сурет;
– жеңілдіктері болған жағдайда растайтын құжат;
– жеке басын куәландыратын құжатты және ата анасының электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ кілт) өзімен бірге әкеледі.
Талапкер колледждің қабылдау комиссиясына құжат тапсыру үшін кәмелеттік жасқа толса өзі келуі қажет, кәмелеттік жасқа толмаса заңды өкілімен бірге келуі қажет. Талапкерлер 1 тамыз 15 тамыз аралығында психометриялық тест тапсырады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде байқауға қатысу үшін «жіберілді» деген нәтиже көрсету керек. Байқау сараптамасы бірыңғай ақпараттық жүйемен (НОБД) жасалады.
Жамбыл жоғары медициналық колледжі төменде көрсетілген мамандықтар бойынша күндізгі бөлімге талапкерлерден өтініш қабылдайды:
1.Мамандығы: 09120100 – «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер» (9,11 сыныптан кейін)
2. Мамандығы: 09130200 – «Акушерлік іс»
Біліктілігі: 4S09130201 «Акушер» (11 сыныптан кейін)
3. Мамандығы 09140100 – «Лабораториялық диагностика»
Біліктілігі: 4S09140101– «Медициналық зертханашы» (9,11 сыныптан кейін)
4. Мамандығы: 09160100– «Фармация»
Біліктілігі::4S09160101– «Фармацевт» (11 сыныптан кейін)
5. Мамандығы: 09130100 – «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 3W09130102 – «Массажист» (11 сыныптан кейін)
6. Мамандығы: 09130100 – «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер» (9,11 сыныптан кейін)
7. Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» (3 жыл 6 ай, 11 сыныптан кейін)
8. Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» (1 жыл 6 ай)
Оқу мерзімі 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 айды құрайды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III (2024 жылғы 18 мамырдағы өзгертулерімен) «Қашықтықтан оқыту туралы» 37-баптың, 2-тармағында «Медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық мамандықтар бойынша қашықтықтан оқытуға жол берілмейтіндігі туралы» өзгерту енгізілген. Осыған байланысты және Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студент санының көбеюіне байланысты 2024 жылдан бастап кешкі оқу негізінде талапкерлер оқуға қабылданбайды.
Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Ниеткалиева көшесі №20.