«Тараз қаласы: өткені мен бүгіні» атты қалалық ғылыми − тәжірибелік конференция өтті

Без рубрики
Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжі Тараз қаласы туралы студенттердің білімдерін өзектендіру мен жетістіктерін насихаттау, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту мақсатында 2023 жылдың 28 қыркүйегінде «Тараз қаласы: өткені мен бүгіні» атты қалалық ғылыми − тәжірибелік конференция өтті.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен қалалық ғылыми −тәжірибелік конференцияға Тараз қаласының колледждері мен М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінен жалпы 35 өтініш пен баяндама қабылданды, оның ішінен конференцияның ақпараттық сессиясында 13 баяндама оқылды. Баяндамалар бағалау шарттары бойынша қабылданды: өзектілігі мен жаңашылдығы, материалды ұсыну нысаны; мақалалардың ғылыми стилі, мазмұны мен тәжірибелік маңыздылығы, рәсімделуі мен дереккөздердің қолданылуы. Баяндама регламенті – 5 минут. Конференция екі тілде өтті: қазақша, орысша.

Конференция жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:
• Тараз қаласының тарихы, танымал есімдер, тарихи орындар;
• Тараз қаласының экономикасы: өнеркәсібі мен шаруашылығы, экономикалық дамуындағы жетістіктері;
• Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласы мен білім беру саласы;

«Қала күні» мерекесіне орай «Тараз қаласы: өткені мен бүгіні» тақырыбында өткен қалалық ғылыми − тәжірибелік конференция қатысушыларына сертификаттар тапсырылды. Баяндамалар конференцияның электронды жинағына жарияланады.
Конференция қонақтары: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жайлышева Алтынай Жайлышқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мырзабеков Бақыт Ормаханұлы және «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Көбесова Акнур Смаилқызы, «Мұғалім жаршысы» облыстық газетінің бас редакторы Ғалиябану Усенова арнайы шақыртылды.
Жауапты : № 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы Жантохова Г.Н. және ЦӘК оқытушылары.