19.03.2018 ж. Баласағұн ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Тараз аруы» сұлулық байқауы осымен екінші жыл қатарынан Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Сұлулық конкурсы бірнеше кезеңнен тұрды. Биылғы сайысқа өңіріміздің әр аймағынан іріктелген 11 ару қатысып, өзара бақтарын сынады. Жамбыл медициналық колледжінен «Мейіргер ісі» бөлімі 310 топ студенті А.Сейдуалиева «Вице мисс Тараз» II орынмен марпатталса, «Мейіргер ісі» бөлімі 209 топ студенті А.Ізбәкірова «Өнерлі ару» номинациясымен марпатталды.