Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие бөлімі «Отбасы» күніне арналған «Отбасы-құндылығы-сарқылмас қазына» атты телебағдарлама өткізді. Бағдарлама 2 курс студенттерінің қатысуымен өтті. Бағдарлама мақсаты: отбасы құндылықтарын сақтау оны әрі қарай насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,қатынастарын нығайту,ата-анасын сыйлай, қадірлей білетін азаматтар тәрбиелеу болып табылады.
Студия қонақтары: Жамбыл жоғары медициналық колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Л.К.Мейрманова, «Елу жылда-ел жаңа» атты қоғамдық бірлестігінің басшысы Ш.Б.Сүйімқұл, колледждің тәжірибелі оқытушысы Ә.Т.Мадимарова, колледж психологы А.Н.Өскенбаева.
Бағдарлама барысында көптеген ситуациалық сұрақтарды талқылап, колледж психологы А.Н.Оскенбаева көрермендермен тренинг ойындарын жүргізді.
Бағдарлама соңында колледж директоры Ж.Н.Сарыбековна көп балалы отбасынан шыққан 211 топ студентіне ұялы телефон сыйға тартты және де отбасылық тәжірибесі мол колледжіміздің тәжірибелі оқытушысына да сый құрмет көрсетіп, сыйлық тату етті. Бағдарлама өз мақсатына жетті деген ойдамыз.