Психологиялық қызметтің мақсаты: студенттердің жеке басын психологиялық дамыту және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру кеңістігінде студенттер мен оқытушылардың психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуі, жасөспірімдерге оқыту және мінез-құлық мәселелері бойынша көмек көрсету.
Колледждегі психологиялық қызмет студенттермен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен бірлесе отырып, жұмыс атқарады.
Міндеттері:
- Колледжбен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру;
- Студенттердің бойындағы жағымсыз сезімдерін алдын алу және жеңе білуге үйрету;
- Сабақтан себепсіз қалатын студенттермен жұмыс жасап, нәтижесін шығару, көмек беру;
- Психологиялық диагностиканы жүргізу;
- Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
- Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
- Психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
- Білім алушыларға, педагогтарға олардың сұранысы бойынша психологиялық консультация беру.