Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары

«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық,

ар- ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

 Міндеттері:

  1. 1. Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
  2. Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
  3. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
  4. 4. Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді

дамыту;

  1. Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
  2. Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
  3. Елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
  4. 8. Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
  5. Өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
  6. Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

 

            Тәрбие жұмысының негізгі құндылықтар топтамасы:

  • Тәуелсіздік және Отаншылдық
  • Бірлік және Ынтымақ
  • Әділдік және Жауапкершілік
  • Заң және Тәртіп
  • Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
  • Жасампаздық және Жаңашылдық

 

Тәрбие жұмысының негізгі әлеуметтік жобалары:

  • «Қамқор» – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу
  • «Еңбегі адал – жас өрен» – білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу
  • «Smart bala» – инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу
  • «Шабыт» – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу
  • «Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу
  • «Балалар кітапханасы» – кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру

 

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  1. Рухани-адамгершілік тәрбие

   

  1. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты