Тәуелсіздік – ел тұғыры

Без рубрики
Бөлісу

⚜Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 2021 жылы 30 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы калыптасып дамыған елдер катарына енді.
Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай дамуы үшін ерен еңбек, елі үшін қызмет еткен азаматтар баршылық. Осындай зиялы қауым өкілдері:
⚜ 1. Бердалиев Мұрат Әзімханұлы – жоғары санатты дәрігер, «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының президенті, Нұр Отан ХДП депутаты, » «Алтын Дәрігер» төс белгісінің иегері;
⚜2. Есет Досалы Жаңабайұлы – Қазақстан журналистер одағының мүшесі,
«Ақжол» жастар газетінде аға тілші, айтыскер ақын;
⚜3. Абделі Абдукарим Абдухамитұлы – «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» ЖШС мұрағат меңгерушісі, Тараз қалалық мәслихатының жас депутаты колледж студенттерімен 29.01.2021 жылы «Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбында онлайн – кездесу өткізіп, өз ойларын ортаға салды.