«Таза сессия»

Без рубрики
Бөлісу

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде «Таза сессия» аясында студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және колледждегі емтихан сессиясының ұйымдастырылуы туралы студенттердің пікірлерін білу мақсатында 6-9 қаңтар аралығында онлайн сауалнама жүргізілді. Онлайн сауалнамаға https://forms.gle/h3vQGZ3NqMudpqx68 сілтемесі арқылы колледждің 1-4 курс студенттері жауап берді.
Сондай-ақ, «Таза сессия» акциясы аясында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу комиссиясы «Саналы ұрпақ» клубының белсенді студенттерімен бірлесе отырып, «Сенім жәшігімен» оффлайн түрде жабық форматта сауалнама жүргізілді. Жабық сауалнамаға барлығы 1670 респондент қатысты.