«Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен 10.09.-22.09.23 ж. аралығында «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Колледждің 25 арнайы пән оқытушылары қатысқан курс бағдарламасы «Модуль бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу», «Кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық талаптар», «Өндірістегі маманға қойылатын негізгі талаптар» тақырыбындағы 3 негізгі модульдерден құралды. Модульдер бойынша оқытуды «Talap» КЕАҚ Бас тренері Сабирова Р.Б. және Асанова Н.У., Бибосынова С.Г. штаттан тыс тренерлері жүргізді. «Кәсіпорындар/ұйымдар базасындағы тағылымдама» тақырыбындағы 4 модульді меңгеру мақсатында курсқа қатысушылар 25-29.09.23 жж. аралығында колледждің әлеуметтік серіктестері – медициналық ұйымдармен «Ынтымақтастық туралы Меморандумға» қол қойып, денсаулық сақтау саласы өкілдері жетекшілігімен тәжірибе өткізілетін болады.