«Темекі туралы барлық шындық» тақырыбында дәріс

Бөлісу

11.11.2025 ж. Қазақстан Республикасының «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі №169 бұйрығымен бекітілген Заңына сәйкес Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №2 «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері» ЦӘК мүшелерінің ұйымдастыруымен  21-қараша «Халықаралық темекі шегуден бас тарту» күніне арналған «Темекі туралы барлық шындық» тақырыбында 1-курс студенттері арасында өткізілді.
Дәріс отырысының мақсаты:студенттерге темекі, насыбай және кальян өнімдерінің адам ағзасына, қоғамдық денсаулыққа және әлеуметтік өмірге тигізетін зиянды әсерлері туралы ғылыми және практикалық тұрғыдан түсінік беру, зиянды әдеттердің алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Қатысқандар:колледж әлеуметтік –педагог маманы Буксукбаева Айман Ануарбековна, салауатты өмір салтын қалыптастыру комитетінің төрайымы Тулегенова Улжан Бакитбековна, 113ЕФ-9/25 және 118ЕФ-9/25 топ студенттері.

Баяндамашылыр:104М-9/25 топ студенті Жумакова Тахмина, 117ЕФ-9/25 топ студенті Бахтияр Нурсая, 121ЛФ-9/25 топ студенті Айманова Дания

Ұйымдастырушылар: №2 «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері» ЦӘК мүшелері.