Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша семинар-сабақ өткізілді

Бөлісу
«Терроризмге қарсы қорғалуды ұйымдастыру мәселелері туралы» тақырыбындағы
семинарды жүргізген, әрі төрағалық еткен облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұсабаев Ерік Тілләбекұлы.
Оған облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы – облыстық терроризмге қарсы комиссия хатшысы Саданов Бақытжан Жаматұлы, облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Тайтелиев Асхат Ақылбекұлы, облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің офицері Ахан Айғаным Асанханқызы және денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері мен қызметкерлері (Барлығы – 55 адам) қатысты.
Облыс бойынша барлығы 391 денсаулық сақтау мекемелері (26 аурухана ұйымдары, 23 емхана, 122 дәрігерлік амбулатория, 53 фельдшерлік-акушерлік пункт, 157 медициналық пункт, 3 оңалту орталығы, 1 санаторий) облыс тұрғындарына қызмет көрсетуде.
Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №40 бұйрығы негізінде, басқармаға қарасты 39 мекеме кіреді.
​Бүгінгі күні, жоғарыда көрсетілген 39 мекемеменің 27 объектісі Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы №15 қаулысына сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізбесіне меншік нысанына қарамастан енгізілген.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Возможно, это изображение 4 человека, отдел новостей и текст
Возможно, это изображение 11 человек и текст