Құттықтаймыз

Бөлісу

«Мейіргер ісі» мамандығы, «Массажист» біліктілігі 238СМ-11/22 топ студенті Ахмедов Ахмед пара дзюдодан көру органдары зақымданған ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының VI-шы жазғы паралимпиада ойындарында J2 салмақ дәрежесінде III орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының паралимпиада ойындары – төрт жылда бір рет өтетін ірі спорттық іс-шара. Оның басты мақсаты – дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, елімізде паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту және үздік өнер көрсеткен спортшыларды ұлттық құрама сапына іріктеу.
Жарыс Ақтөбе қаласында өтті.
Бөлім меңгерушісі: Дүйсембаева Ұ.Е.
Топ кураторы: Шорманбаева Р.Т.