Теориялық сабақ. Тақырыбы: «Тыныс алу қызметі бұзылыстары кезіндегі реабилитациядағы мейіргерлік үрдісте виртуалды симуляторды қолдану»

Бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің  90 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылып отырған бастамалар қолға алынуда. Соның бірі – заманауи білім беру үрдісіне жасанды интеллектіні енгізу.

3.10.2025ж. күні «Мейіргерлік технологиялар» пәні оқытушысы Дидарбекова Макпал Кайратовна  404М-9/22 тобымен  жасанды интеллект аясында Виртуалды кеңістік(VR) тақтасын қолданып  «Тыныс алу қызметі бұзылыстары кезіндегі реабилитациядағы мейіргерлік үрдісте виртуалды симуляторды қолдану» тақырыбында теориялық сабақ өтті.

Студенттермен өткізілген бұл сабақ барысында виртуалды симулятор арқылы  тыныс алу жеткіліксіздігіне шалдыққан науқасқа алғашқы көмек көрсетілді.