07.02.2023 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде № 1 жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Р.Т.Шорманбаева «Емдеу ісі» бөлімі, 223ЕФ-9/21 топ студенттерімен «Анатомия және патология» пәнінен «Тыныс алу жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:
– тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметтерімен таныстыру;
– тыныс алудың кезеңдері мен газдардың қанмен тасымалдануы, реттелуі, ерекшеліктері туралы түсінік;
– өкпенің тіршілік сыйымдылығы, дем алу шығару механизмі туралы білімдерін жетілдіру;
– білім беру барысында оқытудың инновациялық технологияларын интерактивті анатомиялық «Пирогов» үстелін пайдалана отырып, сабақтың мақсатына жету.