24.11.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жас мамандарға арналған «Үйренейік, ізденейік, Жас маман!» тақырыбында әдістемелік мектеп отырысы өтті.
Жас мамандар мектебінің отырысы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт–бағдар беру мақсатында өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Колледждегі тәрбие жұмысын жүргізу үрдісі.
Жауапты: тәрбие жұмысының меңгерушісі Ж.Н.Айдабосынова.
2. Оқытушының іс-тәжірибесінен «Орыс тілі және әдебиет» пәнін оқыту бойынша тренинг сабақ (15-20 минуттық).
Жауапты: орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы А.О.Бейсенбаева.
3. Қысқа мерзімді жоспарды құрастыру бойынша практикум.
Жауапты: информатика пәнінің оқытушысы: Г.Қ.Сарыбаева.
4. Тәлімгердің іс тәжірибесінен: тәжірибелік сабақ жоспарын құрастыру бойынша практикум.
Жауапты: мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы Р.Ж.Мухажанова.
5. Мақала жазу тәртібі.
Жауапты: әдіскер А.К.Коконбаева.
6. Психологиялық тренинг.
Жауапты: колледж психологы Өскенбаева А.Н.