15 қараша Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған мамандығы «Емдеу ісі»
140ЕФ-11/22 топ студенттерімен «Ұлттық теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында колледж қызметкерлеріне салтанатты концерт ұйымдастырылды.
Теңге – тәуелсіздіктің төл перзенті. Ол Әнұран, Ту, Елтаңба секілді басты атрибуттармен қатар жүретін тәуелсіздігіміздің бірден-бір нышаны. ҚР Президентінің 1993 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. 1993 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 қараша күні теңге ресми айналымға енген болатын.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен колледж қызметкерлеріне сыйлықтар таратылды.