06.05.2020 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжі директоры, «Алау» бастауыш партия ұйымы төрайымы Ж.Н. Сарыбекованың бастауымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ҰОС ардагерлері Колесниченко Галина Петровна және Колесниченко Владимир Васильевичты құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хаты мен жеңіс лентасы тапсырылды. 5 бала тәрбиелеп, олардан 12 немере,14 шөбере сүйіп отырған ардагерлер: Галина Петровна- 96 жаста, Владимир Васильевич-94 жаста. Галина Петровна Тараз қаласындағы № 27 орта мектебінде 40 жыл ұстаздық еткен соң зейнет демалысына шыққан.
Құрметті соғыс ардагерлері! Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеп, ерліктеріңіз үшін мың АЛҒЫС айтамыз!!!