Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие жұмысының меңгерушісі. Білімі жоғары.
1999-2004 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығының толық курсын бітірген.
2019-2022 жылдары Шымкент университетінің «Педагогика және психология» мамандығының педагогика ғылымдарының магистрі атанды.
Педагогикалық стажы-25 жыл, санаты педагог-модератор.
2001-2012 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылындағы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінде тарих, құқық пәндерінің мұғалімі қызметін атқарған.
2012-2021 оқу жылдарында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тарих пәнінің оқытушысы және «Жас Алаш» дебат клубының жетекшісі қызметін атқарды.
2021 жылдан бастап колледжде тәрбие жұмысының меңгерушісі.
Марапаттары:
- Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Д.Есжановтан АЛҒЫС ХАТ, 2021 жыл.
- «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Г.Момбекованың ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, 2021 жыл.
- «Пікірсайыс қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалі, 2022 жыл.
- Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Б.Д.Кыдырбаевтың АЛҒЫС ХАТЫ, 2025 жыл.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ басшысы Б.Копдикбаевтің АЛҒЫС ХАТЫ, 2025 жыл.

