Ұстаздар күні

Без рубрики
Бөлісу

4.10.2019ж.  Жамбыл жоғары медициналық колледжінде ұстаздар күніне орай, «Тәрбие бөлімі» және М.Л.Ералиев бастаған № 2 ЦӘК арнайы пәндері оқытушылары «Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнеге» атты концерттік бағдарлама өткізді. Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ұжымды төл мерекесімен құттықтап: «Осы тамаша күзгі күні мен сіздерді кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен құттықтауға қуаныштымын! Барлық уақытта педагогтың еңбегіне ең жоғары талаптар қойылды. Сіздердің мақсаттарыңыз – өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижелерімен мақтана аламыз. Сіздерге кәсіби және шығармашылық табыс, сіздердің қиын, бірақ қажетті істеріңізге табыс, шыдамдылық, оптимизм, зор денсаулық және бақыт тілеймін», – деп жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік бағдарлама колледж оқытушыларына керемет көңіл-күй сыйлады. Кәсіптік одақ ұйымынан ұстаздарға арнайы сыйлықтар берілді.