16.03.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Емдеу ісі» мамандығы «Акушер» біліктілігі «Үздік акушер-2022 жыл» колледжішілік сайысы өткізілді. Сайыстың білімділік мақсаты:

Студенттердің білімін «Акушерия» пәні бойынша тексеру.

Болашақ акушердің теориялық білімі және тәжірибелік дағдыларының сапасын тексеру.

Әр түрлі шұғыл жағдайда олардың тез арада дұрыс шешім қабылдап, жедел медициналық көмек көрсете білуі қабілеттерін тәжірибе жүзінде көрсету.
Тәрбиелік мақсаты:

Мамандығын мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Медициналық манипуляцияларды жасау кезінде болашақ мамандардың өзін-өзі ұстай алуға, жүктілермен акушердің қарым-қатынасындағы субординацияны сақтай білуге тәрбиелеу.

Өмірге дені сау ұрпақ әкелудегі акушердің рөлін көтеру.

Ана мен бала денсаулығына акушердің жауапкершілігін арттыру.
Дамыту мақсаты:

қазіргі заманға сай инновациялық-технологияларды қолдану арқылы олардың іс-тәжірибелік дағдыларын, клиникалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдістемелік мақсаты:

Техникалық оқу құралдарын, муляж, фантомдарды тиімді қолдану арқылы сайыстың мақсатына жету.