«Үздік тәлімгер – 2020» облыстық сырттай байқауы

Без рубрики
Бөлісу

«Үздік тәлімгер – 2020» облыстық сырттай байқауы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Әлеуметтік серіктестіктер мен колледждердің бірлескен «Үздік тәлімгер-2020» облыстық сырттай байқауы ұйымдастырылуда.

Байқауға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледж» ШЖҚ КМК тарапынан «Мейіргер ісі» мамандығында дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алатын 306 топ студенті Қыдырәлі Гүлшат және кәсіби білікті, ерен еңбегімен халыққа қызмет көрсетіп жүрген тәлімгердің бірі – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары – Садыкова Гүлбану Амиркуловна қатысты.

Байқаудың өткізілу тәртібіне сәйкес, тәлімгер мен студенттің бірлескен шығармашылық және зерттеушілік, тәжірибелік т.б жұмысын ұсынатын «Тәлімгер мен студенттің визит карточкасы» тақырыбында бейнеролик дайындалды. @Тжкбб Дамыту Орталығы