2025 жылдың 30 қараша күні Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен №59 орта мектебінде волейболдан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 2008-2010 жылы туылған қыздар арасында қалалық ашық турнирі өтті. Жарысқа 10 команда қатысып өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1- орын «Жасын» спорт клубы
2-орын Жамбыл жоғары медициналық колледжі
3-орын №59 орта мектебі
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдар және арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.
Надирова Жұлдыз 103М-9/25 топ студенті Үздік шабуылшы және Беишенов Сағи Сабырұлы Үздік төреші атанды.

