Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 84 жыл толуына орай волонтерлік орталықтың салтанатты ашылуы өткізілді. Орталықтың салтанатты ашылуына арнайы ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары – Р.К. Тюлебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №5 әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы директоры – М.А. Бердалиев, Онкологиялық науқастарды қолдау «Амазонка» қамқор фондының директоры – А.Г.Сарьян және №4 ,№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының өкілдерін қонақ ретінде шақырылды. Кездесу барысында Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың » 2020 жыл волонтер жылы» деп жариялауына байланысты волонтерлардың осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстарын, іс шаралары мен болашаққа құрып отырған жоспарларын атап өтті. Жамбыл медициналық жоғары колледжінде 2013 жылдан бері волонтерлік 2 топ жұмыс жасайды. «Жүректен жүрекке», «От сердца к сердцу» волонтерлік тобының жетекшісі – Манап А.Б. Қазіргі таңда колледжде 200 волонтер бар. Волонтерлік орталықтың ашылу мақсаты студенттерге әр түрлі жобалар, жоспарларды талқылау, ашық кездесулер және студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл жұмыс жастардың бойында ізгілік пен мейірімділіктің, жауапкершілік сезімін қалыптастырады.