«WorldSkills Zhetysu – 2024» Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында I орын

Бөлісу

 

 

22.05.2024 жылы Жетісу облысы Талдықорған қаласында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Zhetysu – 2024 «Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Чемпионатты ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі  МКК Жетісу облысының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Чемпионатқа Қазақстан Республикасының 5 медициналық колледжінің, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ОшМУ жанындағы медициналық колледжінің студенті қатысты.

Өңірлік чемпионатта Жамбыл облысының атынан «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі,»Мейіргер ісі» мамандығының 410 МІ-9/20 тобының студенті – Данабекова Адиля Саматовна қатысты. Барлық берілген модульдер бойынша жоғары нәтижелерді көрсете отырып, әділ жүлделі 1 орынға ие болды.

Конкурсқа қатысушыны  дайындағаны және «WorldSkills Zhetysu – 2024» қозғалысына «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша белсене қатысқаны үшін, ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК директоры С. М. Жансеңгіровтың атынан «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры Ж.Н. Сарыбекова, директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыЛ.Т. Қуанышбекова, әдістемелік кабинеттің  меңгерушісі Л.К. Мейірманова,  клиникалық пәндер оқытушысы Ж. А. Токташева Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.Жетісу облысы әкімі Б. Исабаевтың атынан «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша Жамбыл облысы бойынша WorldSkills өңірлік сарапшысы С. Г. Бибосыноваға Алғыс хат табыс етілді.