Құқықбұзушылықтың алдын алу

Бөлісу

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Үмбетбай Бибарыс Асхатұлы колледж студенттерімен құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Инспектор жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі уақытта көшеде жүру ережелері мен қоғамдық орындардағы мәдениетті сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ол заң талаптарын бұзудың соңы жағымсыз салдарға әкелетінін ескертіп, студенттерді жауапкершілік танытуға үндеді.