2024 жылдың 30 қаңтарында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №2 циклдық әдістемелік комиссия оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қымыздың медицинадағы пайдасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова сәттілік тіледі.
ЦӘК төрайымы А.К. Серкебаева алғы сөзінде дөңгелек үстелдің мақсатымен таныстырып, тақырып маңыздылығына сипаттама берді. ЦӘК оқытушылары А.О.Сыдыман, У.Х.Асанова, А.А.Ыбрайымжан өздерінің баяндамаларында қымыздың құрамына, түрлеріне, медицинадағы пайдасына толық мәліметтер берді. Дөңгелек үстел соңында қымыз және қымыздан жасалған тағамдар ұсынылды. Колледж әкімшілігі және колледж оқытушылары дөңгелек үстелді өте жақсы ұйымдастырғанын, жоғары деңгейде өткізілгені туралы айтып, №2 циклдық әдістемелік комиссия оқытушыларына жылы лебіздерін білдіріп, творчестволық табыс тіледі.