2019 жылдың 30 сәуірінде Тараз қаласы Жамбыл медициналық колледжінің ұйымдастыруымен Тұнғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ынтымағы жарасқан туған жерім-Таразым» тақырыбында Облыстық фестиваль өткізілді. Мақсаты: Жамбыл облысында тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген сыйластығын ұлттық қатынасын ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты нығайтып, әр ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпын, салт – дәстүрі мен тілін мәдениетін сақтауға, бағалауға, бағалай отырып, жаңғырта дамытуға жол ашу. Іс-шараға тәжірибе алмасу мақсатында облыстық кәсіптік орта білім беру мекемелерінен қонақтар шақырылды: Қазіргі заман гуманитарлық техникалық колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Шарипов З.Б. №17 «Жамбыл колледжі» директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Тұрлығұлова А.Б., педагог-психолог Абдыкамалова Г.Д. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Сатыбалдиева А.Б., «Руханият» орталығының жетекшісі: Абдрашова А.Қ.
Қаратау құрылыс-техникалық колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ибраимов Ғ.А., оқытушы Аптауова С.У., оқытушы Қошанова Н.Н. №9 Меркі колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Айтбаев А., қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Бөрібаева Г., дүние жүзі тарихы пәнінің оқытушысы Додаева Ә. №3 Байзақ колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Молдабаев З.А. Жамбыл инновациялық колледжі психолог Нарболдиева Г., социолог Сарымбетова А. Іс-шара үш бағыт бойынша өткізілді: «Ұлы Даланың- Ұлы өнері» тақырыбында қолөнер көрмесі, ұлттық тағамдар көрмесі, фестиваль. Бұл іс-шара жастарға ұлттар арасындағы бірлікті нығайтуға, өз ара достыққа, сыйластыққа, әдет-ғұрыптарды сақтауға, рухани сананы жоғары көтеруге, жан-жақты дамуына жол ашу болып табылады. Фестиваль соңында әр ұлт өкілдері номинациямен марапатталды:
- Қонақжай халық (қазақ)
- Дарынды халық (орыс)
- Берекелі халық (өзбек)
- Сабырлы халық (кәріс)
- Әдепті халық (түрік)
- Ұқыпты халық (қырғыз)
- Талапшыл халық (ұйғыр)
- Жайдарлы халық (әзірбайжан)
- Сыпайы халық (дүнген)