Ынтымақтастық туралы шарт

Без рубрики
Бөлісу

26.11.2019 күні Белорусь мемлекеттік университетінің А.Д.Сахаров атындағы Халықаралық экологиялық институтынан оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары И.Э.Бученков, Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Е.В.Алексейчик, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экология» кафедрасының доценті Р.Т.Турекельдиева келіп колледжіміздің корпустарын аралап, танысып шықты.
Беларусь мемлекеттік университетінің «А. Д. Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институты» және Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК білім мекемелері өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасты.
Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша өзара тәжірибе алмасу, оқу үдерісін жетілдіруде өзара көмек көрсету, бірлескен ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу, бірлескен ғылыми және оқу жобаларын, бірлескен жарияланымдар мен консультацияларды іске асыру, білім беру саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту – осы келісім-шарттың мақсаттары болып табылады. Алға қойылған мақсаттарға жету жолдарында екі білім мекемесіне бірқатар міндеттемелер жүктелді. Келісім-шартта бекітілген міндеттерді әр мекеме құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.