«Қысқы спартакиадасы»

Без рубрики
Бөлісу

2023 жылдың 25 қаңтар күні №3 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер ЦӘК-ның және колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауында көрсеткендей бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Қысқы спартакиадасы» өткізілді.
Қысқы спартакиадаға колледжіміздің келесі бөлімдері қатысты:
1. «Батыр көжектер» командасы – Жапарқұлова Ф.Қ.
2. «Ақ қояндар» командасы – Ескебекова З.С.
3. «Болашақ» командасы – Айдралиева А.Б.
4. «Достық» командасы – Дүйсембаева Ұ.Е.
5. «Бірлік» командасы – Қалымбетова Ж.Б.
6. «Пантера» командасы – Саурбаева Л.Б.
7. «Жалын» командасы – Бибосынова С.Г.
Спартакиада бағдарламасында спорттың келесі түрлері бойынша жарыс ұйымдастырылып өткізілді:
1. Қысқы кросс: жас ерекшелігіне қарай (әйелдер)
✓ 25-35 жас аралығы (1500 м.)
✓ 36-45 жас аралығы (1000м.)
✓ 46-дан жоғары (800м.)
✓ Ерлер кроссы
2. Эстафеталық ойындар:
✓ «Биатлон » (әр командадан 4 адам қатысады)
✓ «Нысананы дәлдеу» (әр командадан 6 адам қатысады)
✓ «Аққала» (әр командадан 5 адам қатысады)

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:

Команда атауы
Орны
1
Батыр көжектер
Бас жүлде
2
Достық
І
3
Ақ қояндар
ІІ
4
Жалын
ІІІ

​Ойын түрлерінен жүлделі орындарға ие болған және жалпы командалық есепте
Бас жүлдені және І-ІІ-ІІІ орын жеңіп алған командалар және команда мүшелері Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұсынған мақтау қағаздарымен және ауыспалы кубогімен марапатталды. Жарыс соңында ЖЖМК бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен спартакиада қатысушыларына түскі ас берілді.