«Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кезде, науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу»

Без рубрики
Бөлісу

20.12.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің № 3 арнайы пәндер
циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Тлеуова М.К. «Мейіргер ісінің негіздері» пәнінен «Емдеу ісі» бөлімі, біліктілігі: «Фельдшер» 214 ЕФ-9/22 топ студенттерімен «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кезде, науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу» тақырыбы бойынша тәжірибелік ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:
Студенттерге зәр шығару қызметі бұзылуының клиникалық белгілері мен таныстырып, түсіндіру.Пациенттің жағдайын бақылауды: артериалық қан қысымын, тәуліктік диурез бен су баланысын өлшеуді үйрету.Жедел зәр тоқтауы кезіндегі көмек көрсету, сыртқы жыныс мүшесін жуу, қуыққа катетер қою іс-әрекетін, қолданылған құралдарды зарарсыздандыру.
Қуықты жуу іс-әрекетін үйрету. Тәжірибе сабағында инновациялық технологияларды, ер адамның және әйел адамның зәр шығару жолдарының фантомдары, көпсалалы тренажер-манекен, муляждарды қолданып, дағдыларды қалыптастыру арқылы мақсатқа жету. Оқытушы сабағы жақсы деңгейде өтті. Сабақ мақсатына жетті.