2026 жылдың 14 қаңтар күні «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында құқықтану мәселелері бойынша викторина ойыны өткізілді. Ойын барысында студенттер: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша білімдерін көрсетті; құқықтың жағдаяттарға талдау жасап, тиімді шешімдерін ұсынды; өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейтті. Ойынға 1 курс студенттері арасынан 3 топ қатысып, 101 топ – І орын , 116 топ – ІІ орын, 106 топ – ІІІ орын иеленді. Викторинаға қатысушылардың белсенділігі мен білім деңгейі жоғары бағаланып, ойын өз мақсатына сай мазмұнды әрі әсерлі өтті.

