Республикалық жоба «Үздік 100 студент» 

Бөлісу

«Үздік 100 студент» жобасы — еліміздің кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы дарынды, білімді және шығармашыл жастарды анықтауға арналған республикалық конкурс. Аталған конкурсқа колледжіміздің атынан 219ЕФ-9/24 тобының студенті Нұрмаханбет Мерейлім үміткер ретінде қатысуда. Мерейлім – оқу барысында жоғары көрсеткіштерге ие оқу озаты ғана емес, «Біріккен медицина жастары» ұйымының құрамында колледждің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосып жүрген белсенді студент. Мерейлімге алдағы сында сәттілік тілей отырып, білім ордамыздың абыройын республикалық деңгейде асқақтататынына сенім білдіреміз. Жеңіс жолындағы қадамың сәтті болсын!

«Үздік 100 студент» республикалық жобасы — еліміздің кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіндегі ең дарынды, білімді әрі шығармашыл жастарды анықтауға бағытталған конкурс. Аталған конкурсқа білім ордамыздың атынан 214ЕФ-9/24 тобының студенті Султанхан Әмина үміткер ретінде бақ сынайды. Әмина — оқу процесінде жоғары үлгерім көрсетіп келе жатқан оқу озаты ғана емес, сонымен қатар «Колледж талантты жастары» және «Жастар рухы» ұйымдарының құрамында колледждің қоғамдық-әлеуметтік өміріне елеулі үлес қосып жүрген белсенді студент.Әминаның республикалық кезеңде жеңіс тұғырынан көрініп, колледжіміздің мәртебесін асқақтатуына тілектеспіз. Жауапты сынақта толағай табыс пен сәттілік серік болсын!

«Үздік 100 студент» жобасы — еліміздің кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіндегі ең дарынды, білімді және креативті жастарды анықтауға бағытталған конкурс. Қазақстан Республикасы колледждерінің «Үздік 100 студенті» байқауының үміткері – Нұрмаханбет Арайлым. 219ЕФ-9/24 тобының студенті. Колледждің қоғамдық өміріне белсене араласатын «Біріккен медицина жастары» ұйымының мүшесі, білім мен белсенділікті қатар алып жүрген оқу озаты, түрлі деңгейдегі іс-шаралардың бастамашысы және ұйымдастырушысы. Арайлымның алдағы сайыста жеңіске жетіп, колледжіміздің атын республикалық деңгейде асқақтатуына тілектеспіз! Жеңіс жолында сәттілік серік болсын!