«Үздік акушер» байқауы

Без рубрики
Бөлісу

03 наурыз 2023 жылы «Жамбыл жоғары медициналық колледжінде» «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі «Акушер» бітіруші 320 топ білімгерлері арасында «Үздік акушер» байқауы өткізілді. Жамбыл жоғары медициналық колледж директоры Сарыбекова Ж.Н. мен ардагер ұстаз Қоңырова С.Қ. сайыскерлерге сәттілік тілеп сайысты ашып берді.
Сайыстың мақсаты:
– Өмірге дені сау ұрпақ әкелудегі акушердің рөлін көтеру;
– Ана мен бала денсаулығына акушердің жауапкершілігін арттыру;
– Білімгерлердің белсенділігін арттыру;
– Білімге қабілеттілігін өсіру;
– Клиникалық ойлау қабілетін дамыту.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
І кезең – «Көкпар» – сайыскерлер 1 минутта қойылған сұрақтарға жылдам жауап беруі.
ІІ кезең – «Бәйге» – сайыскерлер ұяшық таңдап, ситуациялық есептерді шешуі.
ІІІ кезең – «Аламан бәйге» – сайыскерлер бір тәжірибелік дағдыдан көрсетеді.
ІV кезең – «Меже» – сайыскерлер клиникалық станцияларда шұғыл көмек көрсетеді.

Сайыскерлердің біліктілігін, тәжірибелік дағдыларын бағалау үшін әлеуметтік серіктес медициналық ұйымдардың қызметкерлері шақырылды.
Әділ-қазылар алқасының төрайымы : Сарыбекова Жәмиля Нұрғалиқызы − Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры.
Әділ-қазылар алқасы мүшелері:
1. Байзатова Гульнагира Әбілсеитовна – қалалық көпбейінді аурухананың акушер-гинеколог дәрігері.
2. Келимбетова Балжан Буркитбаевна – Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының патология бөлімінің аға акушері.
3. Оспанова Таңсұлу Нұрлыбековна − Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының қабылдау бөлімінің аға акушері.
4. Симейкина Наталья Казимирасовна – №9 қалалық емхананың бас мейіргері.

Әділ-қазылар алқасының төрайымы мен мүшелері сайысқа белсенді қатысқан сайыскерлерді марапаттады.

Бас жүлдеге Жүнісжан Альбина ие болды. Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттері кәсіподақ ұйымы тарапынан 10 000 теңгелік сертификат тарту етілді.
І орынға Жалғас Маржан, ІІ орынға Сүйінбек Айнұр лайық деп танылды. ІІІ орынды 2 сайыскер бөлісті – Сайлаубай Нұрай және Ибаділда Нұрбибі.
Сайысқа белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен Келесбаева Айдана, Өтебай Әмина және Жапсарбай Дана марапатталды. Сайыскерлерге мақтау қағаздары, алғыс хаттар және колледж администрациясы тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.