«Үздік фельдшер – 2025»

Бөлісу

 

26.03.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №1 арнайы пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен “Емдеу ісі” IV курс студенттерінің арасында “Үздік фельдшер – 2025” байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: болашақ фельдшерлердің теориялық және тәжірибелік білім деңгейін тексеру, әртүрлі төтенше жағдайларда олардың тез арада дұрыс шешім қабылдап, шұғыл жедел жәрдем көрсете білу қабілеттерін тәжірибе жүзінде бағалау. Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру, осы саладағы жұмыс әдістерін жетілдіру және денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Байқаудың әділ қазылар алқасының төрайымы:
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы

Әділ қазы мүшелері:
1. Қызғараева Кулзахира Сапаркуловна- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2. Абитаев Бекзат Асылбекович- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК ақпараттық оперативті диспетчерлік бөлім меңгерушісі.
3. Муратов Ардақ Айсаналиевич- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК бас фельдшер, Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының жедел медициналық жәрдем көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша нұсқаушы: BLS. ACLS. PALS. PHTS.
4. Нелистанова Азиза Кайруллаевна- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК «Байтерек» подстансасының аға фельдшері.
5. Қуатхан Арман- фельшер- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК жедел медициналық жәрдем көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша нұсқаушы: BLS. ACLS. PALS. PHTS
6. Мадимарова Балшекер Сейсеновна- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК
Ішкі аурулар пән оқытушысы.

“Үздік фельдшер-2025” байқауының жүлдегерлері:
1 орын 410 топ студенті Бабалы Күмісай Ержанқызы
2 орын 409 топ студенті Нукежан Мади Даулетұлы
3 орын 422 топ студенті Рүстембек Айым Амантайқызы
Студенттер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.