1.03.2023 ж. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК,
«Мейіргер ісі» мамандығы IV курс студенттерінің арасындағы «Үздік мейіргер-2023»
кәсіби сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты:
➢ студенттерді мамандығына деген құзыреттілікті қалыптастырып, халықаралық стандарттарға негізделген кадрларды кәсіби мамандыққа дайындау;
➢ студенттер пациенттің қажетті факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларды, ішкі ағзалар ауруларының алдын алуындағы, мейіргерлік үрдісте емдеу-диагностикалық іс-шараларды орындау кезіндегі, мейіргердің ролін анықтау.
Әділ –қазылар алқасы мүшелері:
1. Бисенова Анар Келисовна – № 1 Қалалық көп бейінді ауруханасының, бас мейіргері.
2. Дембаева Зухра Махановна – №1 Арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну орталығының, бас мейіргері.
3. Кебисбаева Айжан Алдабергеновна – Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығының, бас мейіргері.
4. Молдахметова Гульнара Нурмухамбетовна- Жамбыл облыстық жұқпалы ауруханасының,
бас мейіргері.
5. Тимина Елена Александровна – № 6 Қалалық емханасының, бас мейіргері.
6. Жумашова Гульмира Илесовна – Жамбыл облыстық «Садыхан кеңес беру диагностикалық орталығының» бас мейіргері.
Әділ – қазылар алқасының төрайымымен мүшелері сайысқа белсенді қатысқан сайыскерлерді марапаттады:
Бас жүлдеге Нұрғабыл Аружан 401М-9/20 топ студенті ие болды. Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттерінің кәсіподақ ұйымының атынан 10 000 теңге «Сертификаты» тапсырылды.
I орынға 402 М- 9/20 Мусабаева Улмекен және 404М-9/20 Жусипова Улдана студенттері; ІІ орынға 403 М- 9/20 Тлеубергенова Айдана топ студенті; ІІІ орынға 404 М- 9/20 Сейділда Куралай топ студенттері ие болды.
Сайысқа белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат» пен сыйлықтармен
Мырзай Гаухар 325М- 9/21 топ, Аяпбергенова Аруза 405М- 9/20топ студенттері марапатталды. Әділ –қазылар мүшелері студенттердің білімдері мен тәжірибелік дағдыларына қанағаттанып, сайыскерлердің арасынан үздік деп таныған студенттерді Сейділда Құралаймен, Жусипова Улдананы жұмысқа шақырды.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
I- кезең. «Менің болашақ жұмыс орным!» атты презентацияларды қорғау.
IІ- кезең. «100 -ден жүйрік, 1000 –нан тұлпар», сайыскерлердің бір минутта 100 сұрақтың ішінен кездейсоқ сұрақтарға уақытпен жауап беруі.
ІІІ –кезең. Мейіргерлік үрдіс кезеңдерін жүзеге асыру арқылы тәжірибелік дағдыларды орындау (ұяшықтарды таңдау ).
VІ – кезең. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Клиникалық жағдайларда симуляциялық станцияларында шұғыл көмек көрсету дағдыларын орындау.
Сайыскерлердің біліктілігін , тәжірибелік дағдыларын және әділ бағасын беру үшін әлеуметтік серіктес медициналық ұйымдардың бас мейіргерлері шақырылды.
Әділ қазылар алқасының төрайымы: «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы.